Accessibility links

Көкшетау қалалық бюджетке бір миллиард теңге қаржы түсірілді.


Көкшетау қаласы бойынша 2003-інші жылдың он айында шағын бизнес өкілдері 7,8 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге артық. Бүгінде осы салада 45,6 мың адам жұмысқа қамтылып отыр. Яғни экономикалық белсенді адамның 70 пайызынан астамын еңбекке тартуға қол жеткізілді. Экономиканың аталмыш секторынан өткен он ай ішінде бюджетке 1 миллиард теңге қаржы түсті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.
XS
SM
MD
LG