Accessibility links

Қазақстандық жол сақшыларына талап күшейе түсуде.


Ішкі істер министрлігі жүргізген тексеріс нәтижесінде 36 жол сақшыларының теріс әрекеттері анықталып, олар түрлі әкімшілік шараларға тартылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінге дейін Ішкі істер министрлігінің «сенім телефондары» арқылы жол сақшыларының үстінен 73 арыз шағым түскен. Оның 19-ы расталып, 24-і қанағаттандырылды. Ендігі жерде жол сақшылары жүргізушіні үш жағдайда ғана тоқтата алады. Жүргізуші рулде мас болған жағдайда, қылмықа қатысы болған жағдайда және басқа жүргізушіге жедел көмек қажет болған кезде ғана көліктен шыға алады. Басқа жағдайдың барлығында жол сақшылары жүргізушіге өзі келіп, өзін таныстырып барып оның көліктен шығуын талап етпей құжаттарын тексеруге міндетті.
XS
SM
MD
LG