Жүргізілген қайта есептеу шараларынан кейін 1992-1996 жылдар аралығындағы кезеңде құрметті демалысқа шыққан он жеті мың ақтөбеліктің зейнетақысы үштен бірге өсті. ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, орташа зейнетақы көлемі қазіргі уақытта 8 мың 300 теңгені құрайды. Ал, 9 мың 810 теңгені құрайтын ең жоғары зейнетақыны 11,5 мың ақтөбелік зейнеткер алады. 2003 жылдың мамыр айымен салыстырғанда, ең жоғарғы зейнетақыны алушылардың саны төрт есеге өскен. Жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда, зейнеткерлерге 53 миллион теңгеге артық сома бөлінуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаң лагерінде қорлық көрген
Қазақстан азаматтығын ала алмаған Тұрсынай АҚШ-тан саяси баспана сұрады
-
Сайлаудан кейін
Қырғыздың жаңа конституциясы тағы бір толқуға әкеле ме?
AzattyqTV