Accessibility links

Армения телекомпаниясының бастығын өлтірткен азамат 15 жылға сотталды


Арменияда өткен жылы желтоқсанда "Қоғамдық телекомпания" кеңесінің төрағасы Тигран Нагдалян өлтірілген болатын. Қастандықты ұйымдастырды, 75 мың долларға адам жалдап, зұлымдық арқылы елдегі тұрақтылықты бұзбақшы болды деген айппен Ереван соты кеше Армен Саркисян есімді азаматты 15 жылға кесті. Армен Саркисянның ағасы Вазген Саркисянда белгілі азамат. 1999 жылы қазан айында белгісіз адамдар парламентке қарулы шабуыл жасағанда Вазген Саркисян оқатыста қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG