Accessibility links

Джордж Буш Британияға мемлекеттік сапармен келді


Лондон әуежайында Бушты Британия ханзадасы Чарльз күтіп алды. Буштың сапары жұма күні аяқталады, Буш патшайым Елизаветаның Букингем сарайында тоқтады. Президент Буш бүгін сыртқы саясаттың негізі жөнінде үлкен сөз айтпақ. Онда бейбітшілікті орнатудың басқа жолы қалмағанда соғысқа жүгінуге тұра келеді деп айтылмақ. АҚШ президентінің келуіне орай Лондонда тарихта болмаған сақтық шаралары қарастырылды. Лондонға, сондай ақ, Ирақ соғысына наразылық танытуға мыңдаған адам жиналды. Террорлық қауіп бар деп те айтылды.
XS
SM
MD
LG