Accessibility links

Ирақ бойынша жаңа АҚШ жоспарына европалықтар көзқарасы.


АҚШ-тың Ирақ тәуелсіздігін тездетіп қалыптастыру жоспарын Европа қошеметпен қарсы алды. Алайда, әр елдің пікірі әртүрлі. Германия мақтаумен ғана шектелсе, Франция Ираққа тәуелсіздікті одан да гөрі тезірек қайтару керек еді дейді.

АҚШ Ирақ тәуелсізідігін қалыпқа келтіруді тездету керек деп мойындағаннан кейін европалықтар Американың бұ жоспарын қолдады деп жазады радиомыздың талдаушысы Чарлз Рекнагел. Осы демалыс күні ҚШ басшылығы Ирақ тәуелсіздігін маусымның 30-ына дейін қалпына келтіреміз деп мәлімдеді. АҚШ болса бұдан бұрын билікті ирақтықтарға беру үдерісі екі жылға созылады деп келгені белгілі. Сонымен, жаңа үкіметтің билікті қолға алуы Ирақтағы Америка бастаған коалициялық күштер билігінің соңы болмақ. Дүйсенбі күні АҚШ-тың бұл жаңа жоспарына қатысты Германия сыртқы істер министрі Йошка Фишер былай деді:

- Меніңше бұл аса маңызды алға жылжу. Енді, билікті Ирақ үкіметіне өткізу мерзімі нақтыланды.

Германия АҚШ Ирақты басып алғалы бері тұрақты түрде оны сынаумен келгені аян. Бұл жолы Германия Америка жоспарын мақтаумен шектелді. АҚШ-тың екінші үлкен сыншысы Францияға келер болсақ Франция Ирақ туәелсіздігін бұдан да гөрі шапшаңдату керек деді. Ирақ тәуелсіздігін 30 маусымда қалыпқа келтірмек Америка жоспарына қатысты Франция сыртқы істер министрі Доминик де Виллепин "Бұл тым кеш бұдан да гөрі тездету керек еді" деді. АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел Ирақ тәуелсіздігін қалыпқа келтіру мәселесін бүгіндері Брюсселде Европа сыртқы істер министрлерімен талқылауда. Ирақ дағдарысы үстінде АҚШ пен Европа арасындағы туындаған дағдарыс та өз шешімін таба бастағандай. Енді бұл жайлы талдаушылар пікіріне ден қоялық. Британияның Ланкастар Университетінің маманы Герд Нонман: "Германия да, Францияда да ҚШ-мен қарым-қатынасқа түскен үлкен жарықшақты қалыпқа келтіру керек деген түсінікте. Енді татулық мезгілі жеткендей."

Нонман Франция бұдан былай әлемдік саясатта ҚШ-на тәуелсіз ел екенін көрсетуге ұмтылып отыр деп біледі:

"Францияның сабыр сақтауы бұл елдің әлем саясатында ешкімге тәуелсіз ойыншы болуға ұмтылуынан. Франция осыны әлемге көрсеткісі келеді."

АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел кезінде Ираққа қарсы соғыста Францияның АҚШ-ты қолдамағаны бұл Франция үшін салдарсыз болмайды дегені бар. Енді келіп АҚШ-тың Ирақ тәуелсізідігін тезірек қайтаруға көнуін талдаушылардың пікірінше Франция жағы өзінше түсініп отыр. Вашингтонның Франция сынынан қорытынды шығарғаны деп түсініп отыр деп біледі талдаушылар.
XS
SM
MD
LG