Accessibility links

Электр қуатының тапшылығы Бағдат тұрғындарына қиын тиіп отыр


Саддам Хусейнді биліктен кетіру үшін коалиция тарапынан соғыс басталғалы бері бұл- бір жағынан үйреншікті тірлікке айналғандай.

Соғыстың басталғанына сегіз ай толып, билік басындағылар ауысқанымен Бағдаттағы бес жарым миллион тұрғындар электр қуатының тапшылығынан әбден зардап шегуде. Ал, Ирақ өкіметіндегі энергия көздерін реттеумен айналысатын министр орынбасары Имам Әл Әнидің пікірінше, бағдаттықтар, сондай-ақ елдің өзге бөліктерінде тұратын халық та бұл орайда үлкен шыдамдылықты ту етіп біраз ұстай тұруы тиіс.

“Ирақ халқының электр қуаты тапшылығынан әбден шаршағандығын біз білеміз. Ирақ халқы электр қуатын үздіксіз алып тұруға хұқылы. Құдай қаласа, келесі жылы келетін қаржымен бірге бұл мәселе де өз шешімін табар деген сенімдеміз”-, деді Әни мырза.

Әл Әнидің сөзіне қарағанда, теория жүзінде Ирақ халқы жарықпен үздіксіз қамтамасыз етілуі тиіс еді. Алайда, көптеген генераторлар мен басқа да жабдықтарды қайта жөндеуден өткізу уақытты талап етуде. Ирақ ресми тұлғаларының сөзіне қарағанда, ауа райының сууының олар пайдасын да көруде. Себебі, жаздың ми қайнатар аптап ыстығында, бөлмелерін салқындату үшін ирақтықтар ауа салқындатқышты көп пайдаланып, сондықтан электр қуаты есепсіз жұмсалған болатын.

- Қазіргі таңда Ирақ елі өзіне қажетті электр қуатының тек 60 пайызына ғана қол жеткіп отыр, - дейді Азаттық радиосы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Валентинас Мите. Сондықтан да, қарапайым ирақтықтар “Коалициялық Өтпелі өкімет елді Саддам Хусейн өкіметіндей тиімді басқара алмайды. Себебі, 1991-ші жылғы Парсы Шығанағы соғысы аяқталысымен араға бір апта салып, ол бұрынғы өкімет электр қуатымен елді қайта жабдықтай бастаған болатын” дейді.

Әл Әнидің пікірінше, ол кезде Саддам өкіметі тек Бағдаттағы электр жүйесін іске қайта қоса алған. Елдің қалған көптеген бөлігі ұзақ уақытқа дейін шектеулі сағаттарда ғана жарықпен қамтамасыз етілген еді,- дейді ол. Қазір Бағдаттың біраз қонақүйлері мен ресторандарда, жекелеген үйлерде электр жарығы 24 сағат бойы үзілмейді. Ал, қарапайым тұрғындар үшін мұндай мүмкіндіктің ауылы алыс болып тұр. Себебі Ирақ ресми билігінің жарлығымен жеке адамдарға жанар-жағар май сатуға қатаң түрде тиым салынған. Оның себебін жанар май сату бекетінің қызметкері “жекелеген үйлерде, оны дұрыс пайдалана алмау себебінен өрттер шығып жатады” деп түсіндіруде.

Қаланың кейбір нүктелерінде жеке адамдарға жанар май сататын отындар да бар. Тіпті қара базардағы алыпсатарлар тиісті орындардан оны арзан бағаға сатып алып, қарапайым тұрғындарға бірнеше есе бағасына сатып, пайда табуда. Бағдаттықтардың айтуынша, тасқараңғы түнек ұрылардың еркін әрекет етуіне жағдай жасап тұрғандай. Қазіргі кезде біраз тұрғындар өз автокөліктеріндегі майды үйлеріндегі жарық беру жүйесіне ауызбен үрлей отырып айдауға машықтанып алған сыңайлы.
XS
SM
MD
LG