Accessibility links

Өскемен қаласының экологиясына қаладағы өнеркәсіп кәсіпорындарының тигізіп отырған залалы жоғары болып отыр.


ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметбасы 2003 жылғы шілденің 4-індегі шешімімен құрылған Өскемен қаласындағы қоршаған орта жағдайына байланысты Жұмыс тобының жұмыстарының қорытындыларын шығаруға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дөңгелек үстелге жиналғандар өнеркәсіп орындарының әсерінен Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайдың нашарлап отырғандығына тоқталды. Қазақстандағы ауасы лас қалар қатарына Ридер, Балқаш, Өскемен, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары жатқызылды. Ал біршама таза елді мекендер қатарына Талдықорған, Көкшетау, Орал, Қостанай, Атбасар қалалары енгізілген.
XS
SM
MD
LG