Астана қалалық мәслихатының қарашаның 20-ында өткен кезекті 2-ші сессиясында депутаттар бюджетке жоспарланғаннан артық түскен қаржыны қаладағы құрылымдарға бөлу мәселесін талқылады.
Қаражатты қайда жіберу, қалай жаратуға байланысты көзделген іс-шаралар туралы қалалық қаржы департаментінің бастығы Қобыланды Мусин баяндама жасады. Ол бюджетке түскен артық қаржының жартысынан астамын, атап айтқанда 300 миллион теңгені Бөгенбай даңғылы, Уәлиханов, Кенесары, Гастелло көшелеріндегі құлауға жақын тұрған, тозығы жеткен үйлерді, бұзуға жарату туралы ұсынысын білдірді. Сондай-ақ, 10 миллион теңге Астана мақтанышына айналып отырған Бәйтерек кешеніне қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға жаратылатын болды. 15 миллион теңге қала әкімінің шаруашылық басқармасының қосымша шығындарына бағытталмақ. Ал 60 миллион теңге елорда жолдарын жөндеуге жұмсалады. Қалалық безендіру кәсіпорнына жергілікті бюджеттен 5 миллион теңге қосымша ақша бөлінеді. Ол қаладағы жарнаманы жақсартуға тиесілі,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана бюджетіне артық құйылған қаржының 300 миллион теңгесі ескі үйлерді бұзуға жұмсалмақ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?