Accessibility links

Тонни Блейер шабуылды ұйымдастарғандар жазаланады деді


Британия бас министрі Тонни Блейер Стамбулдағы жарылыстар АҚШ президенті Джордж Буштың Британия сапарымен орайластырылуы мүмкін деп мәлімдеді. Террористер нысанаға АҚШ президентін емес, АҚШ пен Британияның әскери әріптестігін алып отыр, дейді Тонни Блейер: - Бұл – соғыс, оның майданы Ирақта. Стамбулдағы шабуылдардан осыны көріп отырмыз. Бұл террористерді, Саддам Хұсейннің адамдарын тізе бүктіретінімізге сенімді болуымыз керек. Фанатизм мен экстермизм бүкіл дүние жүзінде бейкүнә адамдарды құрбан етіп отыр. Сондықтан оны жеңіп шығуымыз керек. Стамбулдағы шабуылдар, дегенмен, Буш пен Блейердің келіссөздерінен, соғысқа наразылық танытқан шерулерден қалың жұртшылықтың назарын теріс аударып жіберді. Ондаған мың шеруші кеше Буш пен Блейердің Ирақ саясатына лағнет айтты. Джордж Буш үш күндік сапарын аяқтап, бүгін еліне оралады.
XS
SM
MD
LG