Accessibility links

Бүгін ҚШ президенті Британиядағы 3 күндік сапарын аяқтайды.


Лондон. Бүгін ҚШ президенті Дж. Буш Британиядағы 3 күндік мемлекеттік сапарын аяқтайды. Бүгін Британия үб Тони Блэир Дж. Бушты Лондоннан 400 км жердегі өзінің туған қаласы Седжефиелдке алып барды. Буш бүгін кешке Вашингтонға ұшып шықпақ. Кеше Станбұлда Британия консулдығына болған террористік шабуыл екі басшының Лондон кездесуіне көлеңке түсірді. Сондай-ақ кеше Лондон көшесіне ондаған мың шерушілер шығып Буштың Британияға келуіне өз қарсылықтарын білдірді. Қаланың Трафалгар алаңына жиналған шерушілер Буш бейнелеген ескерткіш-тұлыпты құлатты. Шеру кезінде тәртіп сақтау үшін көшеге 5 мың полиция сапқа тұрды.
XS
SM
MD
LG