Accessibility links

Хорватиядағы парламенттік сайлау


Хорватияда жексенбі күні парламенттік сайлау өтті. Бұл сайлау нәтижелеріне қарағанда бас Министр Ивица Раджанның Социал демократтары мен оппозициядағы Хорватия демократиялық одақ партиясы қатар дауыспен келуде.

Ивица Раджан өз партиясының табысты болуына сенімді еді, және ол сайлау ешқандай бұрмалаусыз өтеді деген болатын.

- Мен екі рет жеңіске жеттік деп есептеймін. 1-ден, Социал демократтар бұл сайлауда табысты болады, себебі біз әу бастан-ақ күштіміз. Социал демократтарсыз тұрақты үкімет болмақ емес. 2-ден , заңсыздық, бұрмалаушылық болмады. Бұл Хорватияның тұрақсыз аймақ екендігіне қарамай бұрыңғыға қарағанда өсе түскендігінен хабар береді, - деді Ивица Раджан.

Раджанның қарсыласы Демократиялық одақ жетекшісі Иво Санедер де жексенбі күні таңертең болашақ табысқа сенімді Екендігін айтқан болатын.

- Менің байқауымша сайлаулар ойдағыдай өтті. Азаматтар ретіне қарай дауыс берді. Нәтиже де жаман болмас, себебі бәрі дұрыс сықылды, – дeді Санадер.

Бәсекелес қос партия да сайлау науқаны кезінде негізгі платформаларын Еуропа одағына мүшелікке қабылдану деп көрсетті. Алғашқы сауалнама натижелеріне қарағанда, бұл екі партия да парламентте басым көпшілік орынға ие бола алмайды, сондықтан Жаңа өкімет коалициялық жүйемен қызмет ететін болады.

Осыдан 3 жыл бұрын бір неше жылдық соғыс, аутократиялық режим және 1990-жылғы оқшауланулардан соң солшыл үкіметтік коалиция он жылдық биліктен соң еуропалық демократии жолына қарай бағыт ұстаған болатын.

Агенттіктердің хабарлауынша 2000-жылғы сайлау нәтижелері арқасында Хорватия Еуропа одағы мүшелігінен үміткер бола алатындығы мәлім болып қалған еді. Сонымен, Хорватия өткен ақпанда Еуропа одағына кіруге арыз -өтінішін берді. Енді сәті түссе 2007-жылы ол одақтан да табылуы мүмкін.

Раджанның социал демократтары демократиялық жетістіктерімен белгілі болғанымен 18 пайыздайжұмыссыздықты жоюдай міндеттері бар.

Ал Демократтар одағы 2000-жылғы сайлаудағы жеңілістен соң еуропалық консерватизмнің ортасында болуға әрекет жасады. Бір қатар азаматтардың сенімсіздігіне қарамастан, демократтар одағын Югославияның тәуелсіздігі жолында көп үлес қосқандығына үлкен баға береді.

Хорватиядағы парламенттік сайлаудың негізгі натижелері дүйсенбі күні мәлім болып қалады, деп хабарлайды агенттіктер.
XS
SM
MD
LG