Accessibility links

Нью-Йоркте 2001-інші жылдың қыркүйегінде террористердің Дүниежүзілік сауда орталығын жарып құлатқан жерде метроның жаңа бекеті ашылды.


НЬЮ-ЙОРК: Нью-Йоркте, 2001-інші жылдың қыркүйегінде террористердің Дүниежүзілік сауда орталығын жарып құлатқан жерде метроның жаңа бекеті ашылды. Нью-Йорк метросының 21-інші ғасырда тұрғызылған бірінші бекеті “Дүние жүзілік сауда орталығы” деп аталды. Оның құрылысына федералдық үкімет 300 млн. доллар қаржы бөлді. Жексенбі күні аталмыш бекетке бірінші поез келіп аялдады. Оған бірінші болып 2001-інші жылғы қастандықта қаза болғандардың туыстары мен қала әкімшілігінің өкілдері отырып келді.
XS
SM
MD
LG