Accessibility links

Жексенбі күні Ауғанстанда АҚШ-тың әскери тікұшағы құлап, 5 жауынгер қаза болып, 7-еуі жараланды.


КАБУЛ: Жексенбі күні Ауғанстанда АҚШ-тың әскери тікұшағы құлады. АҚШ-тың әскери басшылығы хабарлағандай, 5 жауынгер қаза болып, 7-еуі жараланды. Баграмда ораналасқан әскери АҚШ базасы маңайында болған әлгі апаттың себептері тергелуде. Осы күні тағы 2 АҚШ жауынгері жараланды – олардың автокөлігі Пәкістанмен арадағы шекара маңайында минаға жарылды. Осы ауданда тәліптер мен “Әл-Қаида” жасақтарының көзін жою шаралары жүзеге асырылуда. Соңғы кезде Пәкістанмен арадағы шекара маңайында коалиция жауынгерлеріне, гуманитарлық ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындарға қарсы шабуылдар жиілеп кетті.
XS
SM
MD
LG