Accessibility links

Хорватиядағы парламент сайлауында, бастапқы қорытынды бойынша, Хорватияның демократиялық одағы жеңіске жетті.


ЗАГРЕБ: Хорватиядағы парламент сайлауында, бастапқы қорытынды бойынша, Хорватияның демократиялық одағы жеңіске жетті. Премьер-министр Ивица Рачан бастаған оңшыл-центристік коалиция парламентте Демократиялық одаққа қарағанда әлдеқайда кем орын алады. Бақылаушылардың ортақ пікірінше, Хорватияның бұрынғы президенті Франьо Туджман құрған Демократиялық одақ сынды ұлтшыл партияны сайлаушылардың Ивица Рачанның үкіметі жүзеге асырып жатқан реформаларға көңілі толмайтын бөлігі қолдаған. Әйтсе де, биліктегі коалиция да, оппозиция да Хорватияның Еуропалық Одақ пен НАТО-ға қабылдануын өздерінің басты мақсаты деп көрсетуде.
XS
SM
MD
LG