Соның ішінде шетелге 2 891 адам көшіп кетсе, 267 адам келген. ТМД елдеріне 3 366 адам қоныс аударса, 1 745 адам табиғаты әсем Көкше өңіріне көшіп келген. Шет елден көшіп келгендердің 41,7 пайызы қазақтар, 38,9 пайызы орыстар, 5,8 пайызы украиндықтар мен немістер, ал кеткендердің 47 пайызы орыстар, 31,8 пайызы немістер, 9,9 пайызы украиндықтар. Немістердің 60,3 пайызы Германияға ал орыстардың 67,1 пайызы ТМД елдеріне кеткен. Өткен тоғыз айда оралмандар отбасыларына Целиноград, Аршалы, Ақкөл аудандары мен Көкшетау, Степногор қалаларында 200 үй сатып әперілді.