Accessibility links

Көп балалы аналарды гауһар, алтын, күміс алқаларымен марапаттау ұсынылды.


Он және одан да көп бала туған аналарды «Гауһар алқа» алқасымен, жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналарды «Алтын алқа» алқасымен марапатталады, сондай-ақ, «Күміс алқа» алқасымен бес және алты баласы бар аналарды марапаттау ұсынылады.Осындай жоғарғы марапаттауларды енгізу үшін еліміздің кейбір заң актілеріне көп балалы аналарды қолдау мәселелері бойынша толықтырулар қарастыратын заң жобасына бір топ Мәжіліс депутаттары бастамашы болып отыр.Халық қалаулыларының түсіндірмесі бойынша, ұсынылып отырған заң жобасы елдегі бала тууды ынталандыруға және елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға оң ықпалын тигізеді. Халық санының өсуінің өзі ел экономикасының үдемелі және тұрақты дамуына қызмет етуге тиіс,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
XS
SM
MD
LG