Accessibility links

Мәскеудегі Халықтар достығы университетінің жатақханасында болған өрттен 36 адам қаза болды.


МӘСКЕУ: Ресейлік Халықтар достығы университетінің жатақханасында болған өрттен 36 адам қаза болды. Мәскеулік денсаулық сақтау Департаментінің соңғы ақпарына сүйенген Интерфакс агенттігі осылай деп хабарлайды. Қытайдың Мәскеудегі елшілігінің мәліметі бойынша, қытайлық 13 студент хабарсыз кетті. Өрттің салдарынан бас-аяғы Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің 197 студенті жапа шекті. Басым көпшілігі ауруханаларда жатыр. Дүйсенбінің таңында Халықтар достығы унивеситетінің жатақханасында шыққан өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеудің ұстанған басты болжамдары – электр желісін дұрыс пайдаланбау, отпен ойнау немесе қасақана өртеу болып отыр.
XS
SM
MD
LG