Accessibility links

Сенатта “салық салу мәселелері бойынша ҚР-сының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын талдау аяқталып қалды.


АСТАНА: Қазақстан парламенті Сенатының комитеттерінде “салық салу мәселелері бойынша ҚР-сының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын талдау жұмыстары аяқталып қалды. Өткен дүйсенбіде аталмыш заң жобасы Сенаттың заңдылықтар және құқықтық реформалар мен халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі, сондай-ақ экономика, қаржы және бюджет жөніндегі палаталарында шұғыл талқылаудан өтті. Мұнай операцияларына салық салу принциптерін жетілдіруді көздейтін аталмыш заң жобасы, оның жекелеген баптарын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізілген соң, экономика, қаржы және бюджет жөніндегі Сенат комитетінің 27-інші қарашада болатын пленарлық отырысында талданбақ.
XS
SM
MD
LG