Accessibility links

Хорватия премьер-министрі И.Рачан парламент сайлауындағы жеңілісін мойындап, Хорватияның демократиялық одағын жеңісімен құттықтады.


ЗАГРЕБ: Хорватияның премьер-министрі Ивица Рачан парламент сайлауындағы жеңілісін мойындап, Хорватияның демократиялық одағын жеңісімен құттықтады. Жексенбіде берілген дауыстардың 90 пайыздан астамы есептеліп үлгерді. Соған қарағанда, Демократиялық одақ Хорватияның жаңа парламентіндегі 140 орынның 62-сіне, одақтастарымен бірге 75-іне ие болатын сияқты. Социал-демократттармен бірлескен үкіметтегі коалицияға бар-жоғы 63 орын қалмақ. Демократиялық одақтың серкесі Санадердің мәлімдеуінше, партияның стратегиялық мақсаты – Хорватияның 2006-ншы жылы НАТО-ға, 2007-нші жылы ЕуроОдаққа қабылдануы. Хорватияның демократиялық одағы – елдің тұңғыш президенті Франьо Туджман құрған ұлтшыл партия. Соңғы жылдары партия ұстамды көзқарас ұстануда.
XS
SM
MD
LG