Бағдаттың солтүстігіндегі екі полиция бекетіне, көлікке бомба тиегендер, сенбі күні шабуыл жасаған болатын. Мұның кесірінен, ішінде екі бала да бар, кем дегенде 17 адам қаза болды-, деп хабарлануда. Ал, Мосул қаласында дәл сол күні полиция офицері оққа ұшқан болатын. Дүйсенбі күні болса Бағдатта полиция басшысы көлік жүргізушісімен және сақшысымен қоса оққа ұшқан еді. Елдегі полиция өкілдеріне жасалып отырған шабуылдардың жалпы ұзын-ырғасы-осындай. Аталған оқиғалардың орын алғанына қарамастан елдегі полиция өкілдері өздеріне алдағы уақытта мол мүмкіндіктердің берілуін коалициялық Өтпелі өкіметтен сұрап отыр. Мұндай мүмкіндікті олар ел тұрғындарына заң ережелері мен жалпы тәртіп жағдайларын түсіндіру үшін қажет болар еді-, дейді Азаттық радиосының тілшісі Валентинас Мите. Қарапайым тұрғындар мұндай шабуылдардың полиция жасақтарына қарсы үдей түскендігін айыптауда. Мұның өзі Ирақ халқына қарсылық-, деп бағаласуда әлгі азаматтар. Мысалы, Ирақ полиция сержанты Нажим Абдуллахтың айтуынша, қазіргі кезде көшеде полиция формасын киіп жүру оңай болмай қалған. “Бұл жерде ешқандай қауіпсіздік орнамаған. Сондықтан да мен қорқамын. Кез-келген уақытта зымырандық немесе бомба тиелген көлік шабуылына нысана болып кетуім мүмкін. Иә, иә. Өз жұмыс орынымда мен өзімді жағдайлы сезінбеймін”, - деді ол. Осыншалықты қауіп-қатерлерге қарамастан Нажим Абдуллах полициядағы қызметін тастап кеткісі жоқ.
Ирақ полиция ресми өкілдерінің пікірінше, коалициялық өкімет тарапынан мол хұқық берілген жағдайда полиция жасақтары көптеген террорлық әрекеттердің алдын-алуға мүмкіндік алар еді. Хуссейн Аббас деген полиция лейтенанты жұмыс істейтін полиция бекеті елдегі АҚШ күштерінің бас штаб пәтеріне жақын маңда орналасқан екен. Оның пікірінше, елдегі террорлық әрекеттерді тоқтатуда Құрама Штаттары жасақтарында мүмкіндік аз. Себебі, олар үшін Ирақ- бөтен жер. Ал, Ирақ полициясы құрамында 15-20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұлар үшін жергілікті тұрғындар да, жағдайда- етене таныс. Кім ирақтық, ал кім сириялық немесе басқа елдік екендігін біздер жақсы білеміз-, дейді ол. Аббастың сөзіне қарағанда, өздеріне сондай хұқық берілген жағдайда полиция жасақтары қазіргі заңдармен тұрғындарды таныстыруды дәл осы астана Бағдаттан бастар еді. Ол үшін әрбір көшеде, қаланың көптеген аймақтарында арнайы бекеттер ашып, астанаға келіп немесе шығып жатқандарды бақылауға алуға болар еді. Себебі, бомбалық шабуылдардың алдын кесуде бұдан артық шара жоқ Ирақ полициясының қолында-, дейді полиция лейтенанты. Осындай хұқықтың берілуін көптен бері сұрап келе жатқандарына қарамастан, әзірге Өтпелі өкімет тарапынан қандайда бір көмектің болатын түрі жоқ. Мұның өзі болашақта террорлық әрекеттердің бұдан да кең тұрғыда өрістеуіне алып келуі мүмкін-, дейді Аббас мырза.