Accessibility links

Өскеменнің “Казцинк-Торпедо” командасы халықаралық “Құрлықтық Кубоктің” келесі жылы болатын үшінші айналымын өзінің мұз айдынында қабылдау құқына ие болды.


ӨСКЕМЕН: Шайбалы хоккейден Өскеменнің “Казцинк-Торпедо” командасы халықаралық “Құрлықтық Кубок-2003” ойындарында 2 орынға көтеріліп, Құрлықтық Кубоктің келесі жылы болатын үшінші айналымын өзінің мұз айдынында қабылдау құқына ие болды. 21-23-інші қараша аралығында өскемендік команда 3 кездесу өткізіп, аустриялық “Суперфанд БВ Линц” және минскілік “Минск-Керами” командаларымен 1:1 есептері бойынша тең ойнаса, Финляндияның “Юкурит Миккели” командасынан 7:3 есебімен басым түсті. Алайда, шайба айырмашылығы бойынша Минскінің “Минск-Керами” командасынан кейін екінші орынға ие болды. Дегенмен де, өскемендік жанкүйерлер келесі жылы “Казцинк-Торпедо” өз алаңында Құрлықтық Кубоктің жеңімпазы болады деп үміт артуда.
XS
SM
MD
LG