БРЮССЕЛЬ: Еуро аумағы елдерінің қаржы министрлері өз бюджеттеріндегі қаржы тапшылығының ЕуроОдақ орнатқан межесінен асып түскен Германия мен Франсияға қарсы жазалау шарасын қолданбайтын болып ұйғарды. Оның есесіне Берлин мен Париж - 2005-інші жылға қарай өз бюджеттеріндегі тапшылықты, рұқсат етілгендей, жалпы ішкі өнім көлемінің 3 пайызына тең мөлшерге дейін қысқартуға міндетті. Ол шешімге Еуропалық Орталық банк, Испания, Нидерланды, Финляндия, және Аустрия ерекше наразылық білдірді. Испания премьер-министрі Хосе Мария Аснар әлгі шешім Еуропаның өзі мен экономикасына айтарлықтай соққы берді деп мәлімдеді.
Еуро аумағы елдерінің қаржы министрлері Германия мен Франсияға қарсы жазалау шарасын қолданбау туралы шешімді қолдады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
AzattyqTV