Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасына байланысты АҚШ пен БҰҰ арасында келісімге қол жеткізілді.


Иранның ядролық бағдарламасына байланысты АҚШ пен БҰҰ арасында келісімге қол жеткізілді. Мұның өзі екі жақ үшін де жеңіс ретінде бағаланып отыр.

Иранның ядролық бағдарламасына байланысты БҰҰ-ның қарар жобасының мәтініне орай Британия, Франция, Германия елдері Құрама Штаттарымен ымыраға келісті. Бұл жөніндегі мәліметтер журналистерге белгісіз бұлақтар арқылы мәлім болып қалған еді. Ал, осы тақырыпқа орай Атом Энергиялық агенттіктің арнайы басқосуы Венада сәрсенбі, қарашаның 26-сында басталып отыр. Қарар жобасында Иран тарапы бұған дейінгі 18 жылда өзінің ядролық мүмкіндіктерін жасырғаны үшін айыпталған. Мұндай ортақ келісімге келу бес күнге созылған келіссөздерден кейін ғана мүмкін болған еді. Аталған жоба бойынша бұл мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қарауға үзілді-кесілді тоқтау салынған. Иран ядролық бағдарламасына орай туындап отырған қиын түйінді байсалды сөйлесулер арқылы шешуді ұстанып келе жатқан Европа елдері болашақта БҰҰ-ның ядролық тексерушілерімен әріптестікті одан әрі күшейтуге Иран елін мәжбүрлеуде. Олай болмаған жағдайда Иран тарапына жағдайдың кері әсер ететіндігін олар ескертуде. Лондонда орналасқан Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Гари Самоур бұл жөнінде: “Мұның өзі Батыстық одақтастар арасында келісімге қол жеткізілгендіктен де, сондай-ақ Иранды халықаралық Атом Энегргиялық агенттігімен әріптестікке көндіруді одан әрі жалғастырғандықтан да осы қадам екі жақ үшін де жеңіс болды деп ойлаймын”-, деді. Иранның Атом Энергиялық агенттігіндегі өкілі Әли Акбар Салехи қарар жобасында мәселенің Қауіпсіздік кеңесінде қойылуы мүмкін екендігі жөнінде тікелей айтылмағанын өз елінің қуана құптайтындығын айтты. Құрама Штаттары болса, осы жоба мәтінінде Ядролық қаруларды таратпау жөніндегі келісіммен келіспегені үшін Иранның мәселесін Қауіпсіздік кеңесіне қоюға күш салған болатын. Ондай жағдайда Иранға қарсы тиым жарияланар еді. Кейінірек АҚШ ресми өкілдері мұндай талаптарын алып тастап, дей тұрғанмен, алдағы уақытта Ядролық қаруларды таратпау жөніндегі келісім шартына қайшы әрекет етпеуге Иранды мәжбүрлеу құралдарын қатайта түсуге шақырған еді. Аталған жоба мәтінінде Иранның өткен жылдардағы ядролық бағдарлама жайын одан әрі анықтау көзделген. Дей тұрғанмен, бұл елдің тексеру агенттігімен әріптестік орнатуға әзір екендігі қызу қуатталған-, дейді Азаттық радиосының тілшісі Голназ Есфариянди.

Бұған дейін Құрама Штаттары тарапы Иранды ядролық қару жасауда-, деп айыптап келген болатын. Ал, ресми Техран болса өз бағдарламаларының бейбіт мақсатта жұмыс істеуде екендігін дәлелдеп келеді. Атом Энергия агенттігі дипломаттарының сөзін келтіре отырып, журналистердің хабарлауынша, бұл мәселе сәрсенбіде басталған отырыста қаралуда. Алайда, аталған агенттік өкілі Мелисса Флеймінг жобадағы мәселелер жөнінде түсіндірме беруден бас тартты. “Әзірге бұл жоба ғана”-, деді ол. “Иранның Ядролық бағдарламасына орай сауал әлі нақты шешімін тапқан жоқ. Алайда, бұл бағытта аса маңызды ілгерішіл қадамдар жасалып отыр”-, дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG