Accessibility links

“Жаңа бағыттағы Ресей мен Орта Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас”


Қарашаның 26 жұлдызында “Жаңа бағыттағы Ресей мен Орта Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас” атты халықаралық конференция болып өтті.

Қарашының 26 жұлдызында Рахат Палас қонақ ұйінде «Жаңа бағыттағы Ресей мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас» атты халықаралық конференция болып өтті. Конференцияға Ресей, Қырғыстан, Тәжікістан, Өзбекстан, және Қазақстан мемлекетінің ғалымдары мен саясаткерлері қатысты. Конференция барысында Ресей мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты сараптау және 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейінгі оқиғадан соңғы Ресейдің Орталық Азиядағы стратегиялық жұмысы талқыланды.

Сергей Марков, Ресейлік ғалым, Ресейдегі саяси зерттеулер институтының директоры Түркменстандағы қалыптасқан режим тұрақтылықтың кепілі болып табыла алмайдыйды. Түркіменстандағы режим шектен шығу болып табылады және біз ол режимді тоқтатудың амалын қарастыруға тиіспіз. Мен және Ресейдегі ғалымдардың көбісі Түркменстанның газына бола олардың режиміне көзжұмбайлықпен қараушылықты тығырыққа тірелу деп есептейміз. Ал Қазақстан мен Қырғыстан секілді мемлекеттердің баяу болса да демократиялық процестерді ілгері жылжытуға талпынысы тек қолдауға тұрарлық.

Ерлан Қарин, саясаттанушы. Ресейдің саяси өмірі соңғы кездері сондай әр түрлі идеялар мен жаңа доктриналарға бай болып келді. Осы жылы демократтар лагерінде либералдық империя жөнінде идея айтылған болатын. Одан кейін мемлекеттік деңгейде жаңа әскери доктрина қабылданды. Екі доктринада да Ресейдің көршілес мемлекеттерге қатысты жаңа саясаты жөнінде әңгіме қозғалды. Белсенді түрде ішкі мәселелерге араласу жөнінде ұсыныс жасалған болатын. Сондықтан да шын мәнісінде біз осындай күрделі мәселелері екі немесе көп жақты деңгейде талдауымыз керек. Екіншіден сарапшылар саясаткерлерге қарағанда ортақ мәселеде әрқашан да тіл табыса алады. Сосын сарапшылардың арасында ыңғайсыз тақырыптар болмайды. Біз кез-келген ыңғайсыз тақырыптарды ашық түрде талқылай аламыз.

В.Т. Третяьков. Ресейдегі тәуелсіз баспагерлер тобының бас редакторы. Ресей жақсы немесе жаман болғандықтан емес, империялық мемлекет болып табылады және солай қала береді. Өйткені бұл оның бүгінгі таңдағы шынайы болмысы болып табылады
XS
SM
MD
LG