Accessibility links

Әйелдердің дағдарыс орталағы зорлық-зомбылық көргендерді қорғайды


«Зорлық-зомбылықсыз өмір- біздің құқығымыз, ал заңдар қалай орындалуда?» , «Зорлық-зомбылықсыз, еркін өмірге біздің құқығымыз бар» деген акциялар Қазақстанның бірқатар қалаларында өте бастады. Ол қарашаның 25-нен 10 желтоқсан аралығында жүреді. Бұл шаралар халықаралық ашық қоғам институтының бастамасымен /Будапешт/ ұйымдастырылып отыр. Кампания шеңберінде Астана, Алматы, Талдықорған, Риддер, Ақтау, Ақтөбе,Шымкент, Қарағанды қалаларындағы дағдарыс орталықтарында сенім телефондарына хабарласу акциялары болмақшы. Сондай-ақ қала және ауыл әйелдерімен кездесулер өткізіліп, орын алған проблемалар талқыға салынады.

Осыған орай Алматыдағы «Подруги» атты дағдарыс орталығының жауапты қызметкері Любовь Сычева өз ойымен бөлісіп, орталықтың 6 жылдан бері жұмыс істеп жатқанын айтты. Сенім телефондары арқылы 8 мыңдай адам хабарласып, өз мұң-мұқтаждарын айтқан. Солардың басыи көпшілігіне ерлер тарапынан үйдегі зорлық, ұрып-соғу, әлімжеттік әрекеттер жасалған.

- Әртүрлі күш көрсетулер, атап айтқанда әлімжеттік, экономикалық қысым, психологиялық әсер ету, қорқытып-үркіту, жыныстық зорлықтар басым, - дейді Любовь Сычева.

Сенім телефондары арқылы көпшілік әйелдер дәл осындай келеңсіз жағдайларды хабарлап, жәрдем сұраған. Хабарласушы әйелер көбінесе өздеріне қауіп төнген соң дағдарыс орталығына уақытша болса да бас сауғалауға барып, паналайтын болған.

Дағдарыс орталығы 4 жылдан бері жұмыс істейді. Орталық әйелдерге ақыл-кеңес беріп, қамқорлығына алуда. Қажет бола қалған жағдайда сот отырыстарына қатысып, зәбір көрушілердің мүддесін қорғауға атсалысады.
XS
SM
MD
LG