КИНШАСА: Конго демократиялық республикасында 2 өзен қайығының қақтығысы салдарынан кем дегенде 200 адам қаза болды. Би-Би-Си-дің хабарлауынша, құтқарушылар әзірге жағалауға 160 кісінің денесін алып шыға алған. Ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен. 2 қайықтың үстінде 400-ге жақын адам болған. Қайғылы оқиға алдыңғы түнде болды. Жағдайға қарағанда, жолаушы қайықтары бір-бірімен қалың тұманда қақтығысып қалған. Конгодағы өзен қайықтары әдетте, әбден тозғанына қарамастан, жолаушыларға лық толып жүзетін көрінеді.
Конго демократиялық республикасында 2 өзен қайығының қақтығысы салдарынан кем дегенде 200 адам қаза болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?