БАҒДАД: АҚШ жауынгерлерін Ризашылық күнімен өзі құттықтау үшін бейсенбі күні АҚШ президенті Дж.Буш қысқа мезгілді сапармен Бағдадқа келді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, президенттің сапары жайында оның ұшағы Ирақ астанасынан ұшып кеткенде ғана хабарланды. Бағдадтың Халықаралы әуе жайында Дж.Буш жауынгерлер үшін жайылған мерекелік дастарханда құттықтап сөз сөйледі. Президенттің жауынгерлерге айтқан сөзіне сәйкес, олар террористермен АҚШ-тың өз ішінде соғысып жүрмесі үшін, олармен Ирақта соғысып жатыр. АҚШ әскерінің Ирақта қажет болғанша қалатынын Дж.Буш тағы қайталап айтты. АҚШ президенті Ирақтағы уақытша әкімшіліктің басшысы П.Бремермен, АҚШ әскерінің қолбасы Рикардо Санчеспен және Ирақтың Басқару кеңесі мүшелерімен кездесті.
АҚШ жауынгерлерін Ризашылық күнімен өзі құттықтау үшін бейсенбі күні АҚШ президенті Дж.Буш қысқа мезгілді сапармен Бағдадқа келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?