Полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне қарағанда, ғимараттың терезелері сынған. Алайда, басқадай шығындардың болғандығы жөнінде хабар жоқ. Еңбек партиясы Грузиядағы уақытша әкімшілік бағытына қарсы. Оның басшысы Нино Буржанадзе қаңтардың 4-де өтетін ел басылық сайлауларға дейін мемлекет билігін қолында ұстай тұрмақшы. Еңбек партиясының басшысы Шалва Нателашвили: “Мұндай шабуылға нысана болуының басты себебі- партияның тым беделділігінен”-, дей келіп, жаңа әкімшілікті “Шеварднадзенің ізбасары”-, деп айыптады. Сондай-ақ Қорғаныс министрі Давид Тевзадзе ел әскери күштерінің саяси теке-тірестерге араласпайтындығын айтты. Ал, уақытша ел басы қызметін атқарушы Буржанадзе болса Абхазия, Оңтүстік Осетия және Аджария басшыларын шақырып, кездескені үшін Ресейді кіналады-, дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр