Accessibility links

Грузия Қорғаныс министрі Армия саясатқа арласпайды деді


Өткен аптада Грузияның бұрынға елбасы Эдуард Шеварнадзе қоғамдық толқуларға мойын сұнып президентіктен бас тартқан шақта, Грузия Қорғаныс министрі Давит Тевзадзе сабыр сақтады. Ол, елінің жаңа басшыларымен жұмыс жасай отырып, армия ішкі саяси дау-дамайға араласпайды,-деді.

Қарашаның 29-ы күні Грузия Қорғаныс министрі Давит Тевзадзе баспасөз маслихатын өткізген кезде былай,- деді.

"Бүгін таң ертең мен кейбір әскери жоғарғы шенді адамдар таяуда болып өткен оқиғаларды қабылдамай және жаңа билікті қолдамайды деген ақпаратты естідім. Мен қазір бұны анықтап жатырмын. Кейбір адамдар армияның саясатқа араластырылуынан қорқады. Мен тағыда қайталап айтқым келеді, армия ішкі саяси көбжақтылықты сабасына түсіретін құрал емес, бірақ елді сыртқы қауіптен қорғау құралы болып табылады."

Қарулы күштер Грузияның жаңа басшылығына қарсы қадамдарға баруы мүмкін деген алып-қашпа сөздердің айтылып жүргеніне бірнеше күн болды.

Шеварнадзені орнынан кетіруге қарсы қозғалысты тікелей басқарған 35-жасар Михаил Саакашвилидың жұма күні жасаған мәлімдемесінде ол, өзінің кейбір адамдардың контрреволюциялық әрекетерге дайындалып жатқандығынан секем алатындығын білдірді.

Грузияның барлық саяси ойыншылары Шеварнадзенің орнынан кеткенін қалаған жоқ. Солардың бірі солшыл Еңбек партиясының өкілі сенбі күні, 4 қаңтарда өтетін елбасы сайлауларына бойкот жариялайтындықтарын білдірді.

Шеварнадзенің орнынан кеткендігіне автономиялық Аджария мен сепаратистік Абхазия және Оңтүстік Осетия республикаларының басшылары алаңдаушылық танытып, сенбі күні Мәскеуде бас қосты.

Грузияның жаңа басшылығы бұл келіссөздерге байланысты өз өкінішін білдірді. Елбасы міндетін уақытша атқарушы Нино Бурджанадзенің айтуынша, бұл кездесу алаңдаушылық пен намысқа тиеді. Мемілекеттік министр Зураб Жванияның айтуынша, "Ресейдің аталмыш кездесулерді Мәскеуде өткізуін достық шарасы деуге еш келмейді."

Тәуелсіз Сайлау тобын бақылаушылар басшысы Зураб Чиаберашвилиді, Бурджанадзе Орталық Сайлау Идарасының жаңа мүдірі ретінде сенбі күні көпшілікке таныстырды. Сондай-ақ ол АҚШтың мемілекеттік емес, НАТО Комитетінің басшысы Брюс Джексонмен кездесті. Кездсеу кезінде Джексон былай деді.

"Мен, елбасыға өткен аптадағы, осыдан он күн бұрынғы Грузияда болған бейбіт өзгерістердің нәтижесіне, Вашингтон мен күлі Еуропалық Экономикалық Қауымдастық сүйіспеншілік пен қолдау көрсетіп отырғандығын жеткіздім."

Джексон сондай-ақ, Бурджанадзе АҚШ-тың Мемілекеттік хатшысы Колин Пауеллды таяу арада қабылдайтындығын және келесі аптада Тбилисиге АҚШ пен Еуро Одақ елдерінің жоғарғы дәрежелі өкілдері келетіндігін хабарлады.
XS
SM
MD
LG