Accessibility links

Ирақ тұрғындарының айтуынша, тоқтамдарға қол жеткізуде олар АҚШ-тық фирмалардан сенімсіздік танытуды байқайды.


Ирақ іскерлерінің айтуынша, олар Ирақты қалпына келтіру бойынша миллиондаған долларлардың тоқтамдарынан шет қалып отыр. Олардың айтуынша, көпшілік тоқтамдар американдық компанияларға болмаса АҚШ біліп қалған ирақтық компанияларға тиіп жатыр.

Ирақтық іскер Хайдар Абдел Қаземнің айтуынша, ол Ирақты қалпына келтіру бойынша өткен тендерлік байқауларға 4 айдан бері қатысып жүр,бірақ Бағдаттағы Байланыс Орталығында өткен кездесулердің еш пайдасы жоқ. Оның айтуынша, жергілікті іскерлер миллиондаған АҚШ долларларының тоқтамдарынан қағылуда. Өйткені тоқтамдар мәселесі "жабық есік жағдайында" өтуде.

"Біз Ирақта ауыз екі тілде олар "есік артында" деп атаймыз. Сіз тоқтамдарды сезбейсіз. Және сіз егер олардан тоқтам сұрасаңыз, олар, сізге төрт бес күнде істі атқаруға мұрша береді. Бұл мерзім тым мардымсыз. Өйткені сіз бұған қалайша дайын боласыз ?"

Хенд Аднан Ирақтың машинежасау компаниясында жұмыс жасайды. Оның айтуынша, соңғы 4 айда оның фирмасы 10 мәрте бәйгеге қатынасып, бірде бір тоқтамға ие бола алмаған. Аднаның айтуынша, американдық ұлықтар жаңа үміткерлерге мүмкіндік берудің орнына өздері білетін аздаған ирақтық компанияларға тоқтамдарды бере береді.

"Жоқ, мен бұл үдерісті жақсы көрмеймін. Өйткені американдық билік орындары үнемі бірнеше ғана компанияның ұсыныстарын қабыл алады. Сіз басқада ирақтық компанияларға иесіз, бірақ американдық билік орындары өздері танитын ирақтық компаниялармен келісімшартарға барады."

АҚШ, бұл саладағы сыннан хабардар, оларға тең қарамау туралы айып тағылғанда олар бұны жаратпайды. Олардың айтуынша, барлығы ирақтықтардың жағдайды дұрыс қабылдамауында. Қалпына келтіру қорларын АҚШ Конгрессі ұсынады, олар заң бойынша бірінші кезекте американдық компанияларға мүмкіндік берулері тиіс.

Бірақ, дейді олар, американдық компаниялар қажет болмаған жағдайда тым көп жергілікті субкөмекшілерді қабылдауы шарт емес.

Қалпына келтіруге жауапты басты тапсырманы таратушы америкалық ЮСАИД пен Бечтел және субатқарушы КБР-дер тоқтамдардың 50 пайызын жергілікті ирақтық компаниялардың үлесіне берген және бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізу көзделген.

Ал тоқтамдардың тым қысқа мерзімде атқарылуы тиісті ме деген шағымға, америкалық ұлықтар бұндай талап америкалық компанияларға да қойылады,-деуде.

Ал кейбір ирақтықтардың айтқан шағымы бойынша, американдық ресми адамдар бұрынғы режиммен байланыста болған фирмаларға іскерлік топтарға қайта оралып әрі байуларына мүмкіндік беріп қойған.

АҚШ-тық ұлықтар бұндай жағдайлар орын алуы мүмкіндігін мойындайды. Бірақ олар кейбір ирақтықтар компанияны бұрынғы Ирақ режимімен байланысты болды деп айыптаулары міндетті түрде солай екендігін аңғартпайды деп ескертеді.
XS
SM
MD
LG