Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Коллин Пауел Грузиядағы сепаратизм ахуалына байланысты осы ел басшылары мен халықаралық ұйымдарды Грузия елін аймақтық тұтастықпен қамтамасыз етуге шақырды.


- Әлемдік қауымдастық Грузияны алда болатын сайлауларда және одан кейінгі кезде де қолдап, оның аймақтық бірлігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасауы керек. Грузияның егемендігіне нұқсан келтіруге тырысқан сепаратистерді ешбір жағдайда қолдауға болмайды, - дейді АҚШ мемлекеттік хатшысы. Коллин Пауел мұны екінші күн Нидерландыда өтіп жатқан ЕҚЫҰ ның отырысында айтты. Сондай-ақ, бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Грузияның президенті міндетін атқарушы Нино Буржанадземен кездесті. Кездесуде Пауел Грузияға әлемдік қауымдастық қолдау көрсететін болады деген. ЕҚЫҰ Грузияға бұл елде президенттік және парламенттік сайлаулар өткізуге 5 млн-дай еуро бөліп отыр.
XS
SM
MD
LG