Accessibility links

НАТО Ауғанстан, Балкан, Ирақтағы миссиясын қайта қарамақ.


НАТО өзінің Ауғанстан, Ирақ, Балкандағы миссиясын қайта қарап Босния мен Косоводағы әскерін қысқартатын болды. НАТО Ауғанстандағы оқиғаларға араласуын күшейтіп, бұл ұйым өзінің Ирақтағы рөлін кеңейтпек ниетте.

Брюссел. Осында бас қосқан НАТО ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлері НАТО-ның Ауғанстанмен Ирақтағы миссиясын кеңейтіп Балкандағы әскерін қысқарту мәселесін талқылаған. Ауғанстанда НАТО басшылығындағы одақтастар әскері бұл елдің 5 өлкесін қадағаламақ. Яғни, 5 өлкеге таратылатын құрылыс командалары деп аталатын жасақтарға басшылық етпек. Осынау Брюсселде өткен НАТО басқосуы туралы ҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд:

"Біз бейбітшілік сақтау жасақтарын Қабул сыртына шығару жәйін талқыладық. Қосымша құрылыс командаларын түзу мәселесін қарадық. Егер, бұл қадамдар сәтті болса, онда алдағы бір кезеңде НАТО –ның Ауғанстандағы әскери операцияларға араласуы мүмкін екендігі де әңгімеге арқау болды."

Ауғанстанда мыңдаған солдаттардан тұратын 17 құрылыс командасы құрылуы мүмкін. Алайда, ол үшін қосымша 3000 жауынгерлік бейбітшілік сақтау жасағы керек. Бұл болашақ жоспар болса, НАТО Ауғанстанға 400 жауынгерден тұратын жасақ енгізуді кезек күттірмейтін шара деп біліп отыр. Белгілі болғандай НАТО Ауғанстанға 14 тікұшақ аттандырмақ. НАТО қарамағында бүгіндері жалпы саны 7000 тікұшақ бар. НАТО-ға мүше елдер қорғаныс министрлері, сондай-ақ, бұл ұйымның Ирақтағы рөлі туралы да мәселе қарады. Алайда, НАТО құрамындағы ҚШ –мен қосқанда 3 ел ғана НАТО Ирақ ісіне араласуға тиіс деп білетіні белгілі болды. Яғни, бұл мәселеде ұйым ішінде ауызбірлік болмады. Балкан мәселесіне келгенде НАТО Босниядағы 12 мың әскерін наурыз айына дейін 7 мыңға қысқартпақ. Алайда Косоводағы 17 мың әскерді қысқартпақ емес, өйткені Косоводағы жағдай реттеле қойған жоқ. ҚШ қм Доналд Рамсфелд:

"Босния мен Косоводағы НАТО күштеріне келгенде біз өзара түсіністікте болдық. Бұнда бірге кіргенбіз, бірге шығатын болдық."

Брюсселдегі НАТО қм басқосуында Иран мәселесі талқыланған жоқ. Алайда, өз сөзінде ҚШ қм Доналд Рамсфелд Иранның өз ядролық бағдарламасын тек бейбіт мақсатқа арнаймыз деуіне күдік келтіретінін айтты.
XS
SM
MD
LG