Бұл жөнінде Қaзақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Приуральный ауылының 40 жастағы тұрғыны "соқыр ішектің ауыр түрі" деген диагнозбен облыстық ауруханаға түскен. Дәйекті тексеру нәтижесінде бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгек деген диагноз қойылды. Қазір науқас реанимациялық бөлімде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалауда. Жұқпалы дерт ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.
Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромымен қабаттасқан гемморагиялық безгекке шалдығу оқиғасы тағы да тіркелді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Халықаралық сарапшы пікірі
"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"
AzattyqTV