Accessibility links

Неміс оралмандар Германияда моральдық қудалауға тап болады


Қазақстаннан Германияға жүздеген мың неміс, неміс азаматтарымен некелескен ондаған мың басқа ұлттың азаматтары көшіп жатқаны белгілі. Алайда, неміс оралмандарының Германиядағы жағдайы бір келкі емес.

Александр Айхман Германияға осыдан 12 жыл бұрын көшіп барған. Қазақстанда ер жетіп, құрылыс инженері мамандығын алып, беткеұстар азамат атанып жүрсе де қан тартып, дәм тартып ата жұртына қоныс аударған. Бұрынғы совет республикаларында тарыдай шашылып жүрген миллиондаған немісті Германия үкіметі ата жұртқа шақырған соң, әр азаматқа дорба-дорба ақша бөлінген соң миллиондаған халық үндеуге құлақ асты, әлі де асып жатыр. Александр Айхманның қазір ірі құрылыс компаниясы бар, көптеген бұрынғы қазақстандықтарға қарағанда ол арбасын өзі сүйретіп кетті. Бірақ мұның құны – моральдық кемсіту жағдайындағы күнделікті қарбалас, дейді Александр.

- 1996 жылы мұнда үлкен сайлау науқаны өтті. Тек Қазақстаннан емес, бұрынғы совет елдерінен келген барлық "аусзиллерге" қарсы жаппай құдалау жарияланды, біз үлкен ғайбаттауға тап болдық, дейді Александр Айхман. "Франфкуртер Альгемайне цайтунг" атты орталық газетімізде бұрынғы еңбек министрі Блюмнің мақаласы жарияланып, барша оралмандарға күйе жағылды. Қазақстаннан келген әр оралманға ақша төлей алмаймыз. Олардың Қазақстанда неміс овчаркасы итінен басқа түгі болған жоқ деп айтылды, дейді Александр Айхман.

Мұндай қорлыққа шыдамаған Александр Айхман өз аймағының ішкі істер министрі Томас Шойблеге барып шағымданады. Министр шара қолданамыз, "аусзиллер-оралман" қауымынан ол қайраткер кешірім сұрайды деп уәде беріпті. Алайда, міне сегіз жыл болды, бізден ешкім кешірім сұраған жоқ, дейді Александр Айхман.

- Әлбетте қаржы жағынан қиындық көріп жатқан жоқпыз. Бірақ барша оралман қауым кемсітіледі, моральдық жағынан бізгі өте қиын, дейді Александр Айхман. Мәселе біздің Қазақстаннан келгенімізде емес. Жергілікті тұрғындар Қазақстанның қай жерде екенінде білмейді. Бірақ біз оларға Қазақстанның не екенін, онда да адамдар ел қатарлы жасайтынын айтып шаршаймыз, - дейді Александр Айхман.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG