Accessibility links

Студенттер орыс тілін білмегендіктен басқа жоғарғы оқу орнына көшіп жатыр


Қазақ Ұлттық Аграрлық Универсиеттінде оқитын кейбір студенттер орыс тілін білмегендіктен басқа жоғарғы оқу орнына көшіп жатыр.

Жетпіс төрт жылдан астам тарихы бар, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Алматы қаласындағы ең ірі білім шаңырақтарының бірі. 2001 жылдың 5 шілдесінде осы білім ордасына Ұлттық Жоғарғы оқу орны статусы берілген болатын. Университетте оқитын студенттердің басым көпшілігі ауылдан келген жастар. Дегенмен соңғы кездері осы білім шыңырағын тастап кетіп немесе басқа білім ордасына ауысып жатқан студенттер аз емес көрінеді. Желтоқсанның үшінші жұлдызында басқа білім мекемесіне ауысып кетуге мәжбүр болған Серік есімді азамат, «Азаттық» радиосына арнайы келіп, Аграрлық Университетте орыс тілінде дәрістердің жүргізілетіндігене орай басқа жоғарғы оқу орнына көшуге мәжбүр болғандығын тілге тиек етті.

Серік

Менің негізгі ауысып кету себебім, бұл жерде мұғалімдердің көбісі орыс тілінде сабақ береді. Біз ауылдан келгенбіз. Ауылда қазақ мектебін бітіргендіктен, бізге орыс тілінде оқу қиынға соғып тұр. Бұл жерде орыс тілінде оқу қиынырақ болды да, басқа жоғарғы оқу орнына ауысуға мәжбүр болдым.

Біз осы мәселенің мән-жайысын білу үшін, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетіне бас сұққан едік.

Қақабаев Жанғали, аға оқытушы.

Қазір қазақ тілінен мамандықтар бойынша көп әдебиеттер жетіспейді. Әдебиеттің көбісі орысша. Содан кейін қазақша оқитын балаларға ол қиын соғады. Орысшадан аудару керек. Көп нәрсені аудара алмайды. Кітапты қазақша жазып жатырмыз. Мен өз басым бір кітап жаздым. Соның өзінде оқулық жетіспейді.

Мырзан Мұхамет Шәріп, доцент.

Бұл жерде қазақ тілі қоғамы бар дейді. Бірақ оның жұмыс істеп жатқандығын көрген жоқпын. Менің қазақ тілі қоғамына жаным ашиды. Ол жайды мен бұрын ректорға хат та жазғанмын. Өйткені 2001 жылы біз Қазақстан шекарасын айналып келгенбіз. Сонда жұрттың бәрі де біз Аграрлық Университетке түскеннен кейін қазақ тілінде оқи аламыз ба деген сауал қойды. Мен сол жақтардан аралап келгеннен кейін ректорға барлық мәселелерді айтқанмын.
XS
SM
MD
LG