Accessibility links

Бүгін АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфель Ауғанстандағы әскери жетекшілермен кездесті.


Онда ол әскери жетекшілердің бірі етникалық өзбектер жетекшісі Рашид Достуммен және оған қарсы топ тәжіктердің жетекшісі Атта Мохаммедпен жеке-жеке кездесті. Одан соң Қабулда Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен бірлесіп өткізген баспасөз маслихатында, АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд қару жарақтарын тапсыра бастаған бұл екі жаулық ниеттегі қарулы топтың әскери жетекшілері Ауғанстан елінің тұрақтылығы үшін маңызды қадамдарға барып отыр деді. - Біз осы қару жарақтарды үкіметке өткізу мен қарусыздану бағдарламасы жағдайын талқылап келістік. Олар қазірден бастап бұл жолға бастап отыр. Әрине мұны біз мойындап әрі қолдауымыз керек. Бұл осы ел үшін маңызды қадам деп білеміз - деді АҚШ қорғаныс министрі. Прзеидент Хамид Қарзай Рамсфельдпен кездесу соңында Ауғанстандағы жағдай жақын күндері жақсаратынына сенімін білдірді. Дегенмен, Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында БҰҰ ның көліктеріне шабуыл жасалып, ұйымның бір қызметкері қаза болып, 11 жараланған.
XS
SM
MD
LG