Туристік сапарларға келетін шет елдіктер мен жергілікті азаматтарға көрсетілетін бағамның әр түрлі екендігі жиі-жиі сөз болып жүргені мәлім. Желтоқсанның бесінші жұлдызында «Қазақстан» қонақ үйінде «туризмді дамыту үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау» деген тақырыппен дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы туризмді дамыту бағытындағы кедергілерді алып тастау үшін қандай жұмыстарды жасау қажеттілігі жөнінде әңгіме қозғалды.
Виктор Ямбаев, Алматы қалалық кәсіпкерлер қауымдастығының президенті.
Менің ойымша әкімшілік кедергілер әдейі ұйымдастырылып отыр. Шын мәнісінде Қазақстандағы туризм лауазымы жоғары шенеуніктердің көңілін көтеретін сауық сайранға ғана айналып барады. Бүгінгі таңда біз, лауазымы жоғары шенеуніктердің сирек құстарды құрту үшін істеп жатқан бассыздығын көргенде, қарапайым азаматтардан табиғатты сүюді талап етуіміз де ерсілік.
Алайда Виктор Ямбаевтың пікірімен келіспейтіндер де аз емес. Солардың бірі «Алтын Емель» ұлттық табиғат қорығы директорының орынбасары Ахметов Хамит.
Шет ел азаматтарынан алынатын ақы жоғары болу керек те, қазақстандықтар үшін төмен болуы тиіс. Мен оны басқа жақтан қараймын. Біздің Қазақстан жаңадан дамып келе жатқан мемлекет қой. Сондықтан біздің қазақстандықтардың әл-ауқаты шетелдіктердікі секілді жоғарылаған жоқ. Мен сол мағынадан ғана қараймын. Мысалы Қазақстанның азаматы шет елге шыққанда әрбір жерге бара бермейді ғой. Өйткені оның қаражаты шамалы.
Абай Бегімбетов, «Іле Алатау» саяжайының бас директоры. Біз шет елден келген азаматтарды бөлмейміз. Бізде баға бірдей. Оларда басқа баға болып шығуы, олар тек қымбат қонақ үй сұрайды. Әрине оның бағасы қымбат. Содан кейін оларға, тамақ та бөлек дайындалады. Сол үшін баға өседі және біз басқа жерлерді аралағанда оларды УАЗ машинасына мінгізе алмаймыз. Олар үшін «Джип» жалдаймыз. Олар үшін жақсы көзге көрінетін ат аламыз. Түгелбай Бекбергенов, туризм және спорт агенттігінің, туризм мәселелері жөніндегі бөлімінің бастығы:
Туризмге осы кезге шейін ақша бөлінбей келген. Үш жыл болды, туризмге қазір ақырындап ақша бөле бастады. Неге десеңіз бұрын коммерцияның қамымен жүргендіктен туризмнің ешкімге керегі жоқ болды. Былтыр 32, ал биыл 34 миллион теңге бөлінді.
Дөңгелек үстелге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Арменс Пупелс мырза да қатысты. Оның айтуынша Қазақстандағы туризмді дамыту мәселесінде осыдан екі жыл бұрынғымен салыстырғанда ешқандай да ілгерілеушілік болмаған.
Арменс Пупелс Қазақстанда туризмді дұрыс жолға қою үшін әр түрлі бағыттағы туризмнің арасына айырым белгісін қою қажет деп есептейді.