ВЕНА: Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің басшысы Мухаммад әл-Баради бүкіл әілм елдерін ядролық қарудың таралуын бақылауды қатаңдатуға шақырды. Венада сөйлеген сөзінде ол ядролық қаруға ие болуды көздеген елдердің байтылған радиоактивті шикізатқа қол жеткізуіне жол бермеу үшін барлық шараны жасау керек деп мәлімдеді. Әл-Баради ол мәлімдемесін АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрдің атомды бейбіт мақсатта қолдануға шақырған әйгілі сөзінің 50 жылдығына орай айтты. 4 жылдан кейін мін сол мақсатта МАГАТЭ құрылды.