МӘСКЕУ: Жексенбі күні Ресейде бірқатар аймақ жетекшілерінің сайлауы болып өтті. Мәскеуде қала әкімін сайлауда сайлаушылардың 75 пайызының дауысын алған бұрынғы мэрі Ю.Лужков асқан басымдықпен жеңіске жетсе, Башқұртстан президентін сайлауда да қазіргі елбасы Мұртаза Рақымов 50 пайыздан астам дауыспен алда келеді, сайлаушылардың 84 пайыз дауысқа ие болған Мәскеу облысының әкімі Б.Громов та екінші мерзімге қайта сайланды, Сахалин аралындағы сайлауда облыс әкімінің міндетін атқарушы Иван Малахов әзірше 35 пайызға жуық дауыспен алда келе жатса, оның басты бәсекелесі – Южно-Сахалинск қаласының әкімі Федор Сидеренко 20 пайыз дауыспен екінші келеді.