Accessibility links

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында қараша айында ғана ұн мен астықты заңсыз алып шықпақ болған 38 оқиға тіркелді.


ШЫМКЕНТ: Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында қараша айында ғана ұн мен астықты заңсыз алып шықпақ болған 38 оқиға тіркелген. Заң бұзушылар Өзбекстанға бас-аяғы 125 тонна ұн алық шықпақ болған. Осы күні Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясының шұғыл топтары астық пен басқа да азық-түлікті көрші елге тасымалдаған контрабандалық жолдарды айқындауда. Ұнның Өзбекстанға заңсыз эспорты үстіміздегі жылдың күзінде бірнеше есе ұлғайған. Қазақстанның өз ішіндегі ұн мен нан өнімдері бағасының өсуіне осы жайт ерекше әсер еткен. Ішкі жағдайды тұрақтақтандыру үшін Қазақстан үкіметі астық сынды стартегиялық тауардың экспортын қадағалауды қатаңдату туралы Қаулы қабылдады.
XS
SM
MD
LG