Accessibility links

Ресейде жексенбі күні Парламенттік сайлауда дауыс берді.


Жексенбі күні Ресей мемлекеттік Думасына сайлаулар өтті.

Ресейліктер желтоқсанның 7сі жексенбі күні Төменгі палата - Мемлекеттік Дума мүшелерін сайлау үшін дауыс берді. Парламенттік тиісті орынға ие болу үшін партия кемінде 5 пайыз көлемінде дауыс жинауы қажет болады.

Сайлау аса қатаң сақтық шаралары астында өтті.

Мәскеуде есімін атамаған бір келіншек, - Мен Біріккен Ресей партиясы үшін дауыс бердім. Оларға сенсе болады. Олар халық тағдырын ойлайды, - десе, екінші бір азаматша, - Менің барлық партиялардан көңілім қалған. Парламентке кім келсе де тек қана өз беделін ойлайды. Оларға пәтер, саяжай,жеңіл машине ғана керек. Қарапайым адамдармен олардың ісі жоқ. Трамвайда, пойызда, метрода көретініңіз - мүгедектер, тіленшілік етіп зорға жүрген қары-қартаңдар ғана. Мен олардың бәріне қарсы дауыс беремін, - дейді ашу-ызасын жасырмай.

Кейбір талдаушылардың болжамына қарағанда, Біріккен Ресей партиясы бұрыңғы 145 дауысты енді 280 ге дейін жеткізуі мүмкін екен. Бұрынғы біраз орнын жоғалтқанымен Коммунистер 2-ші, ал, реформашыл, оппозияшыл партиялар - Яблоко мен Оңшыл күштер Одағы парламенттік орынға қажетті 5 пайыздық межеге жетіп қалар деген үміттері бар.

Енді, Мемлекеттік Думадағы 450 орыннан үміткер партиялардың кейбіріне тоқталып өтсек.

1. Біріккен Ресей .. Негізінен Президент Путин саясатын қолдайтын партия. 1999-жылғы президенттік сайлау алдынан дүниеге келген. İшкі істер министрі Борис Грызлов сияқты Ресейдегі белгілі саясаткерлер жетекшілігіндегі бұл партия коррупция мен бюрократияға қарсы күресуге бел байлаған.

2 Компартия. Ресейдегі негізгі оппозициондық күштегі партия. Оларды ежелгі режимдегі белсенділер, жасы келген ардагерлер, ауыл-аймақтағы коммунистер көбірек қолдайды. Партияның мақсат-мұраты – нарықтық экономика, адам құқықтарын қорғау, ресейліктердің тұрмыс-тіршілік деңгейін көтеру. 1999-жылғы сайлауда 113 орынға ие болған коммунистер кейінірек екі топқа бөлінді.

3. Әсіре ұлтшыл Владимир Жириновский жетекшілігіндегі Ресей Либералды демократиялық партиясы. 1993-жылғы парламенттік сайлауда барлық дауыстың төрттен бірін жеңіп алса, 1999-жылы 17 орынға иеленді. Өзінің ерекше ерсі тірліктерімен белгілі Жириновскийді кейде клоунға да ұқсатады. Ол сондай-ақ, коммунистерге қырғидай тиісуі арқылы да белгілі. ЛДПР 5 пайыздық дауыстан үмітті.

4. Яблоко.

Либералды оппозициялық партия. Оны экономист Григори Явлинский басқарады. Экономикалық реформаларды жақтайды, бірақ нәтижесі байқалмайды. 1999-жылы сәлкем 6 пайыз дауыспен 21 орынға ие болған. Яблоко шешен жікшілдеріне қарсы жүргізілген Ресей соғысына сынмен қарайды. Бұл сайлауда Яблоконың 5 пайыздық межеге жетуі күдік астында қалып отыр.

5. Оңшыл күштер одағы партиясы.

Бизнестік өнеркәсіпті жақтайды. Бұрыңғы обылыс әкімі Борис Немцов пен 90-жылғы жекешелендіру ауторларының бірі Анатолий Чубайс басқарады. Бұрыңғы сайлауда 8.52 пайыз дауыспен 29 парламенттік орынға ие болған. Мұнай алпауыты Ходорковский істі болған кезде Чубайс Яблоко партиясын өзара қосылып Біріккен либералды майдан құруға шақырды. Бірақ Жекешелендіру бағдарламасымен келіспейтін Яблоко ол ұсынысты қабылдамады. Борис Немцов өз партиясының 5 пайыздық межеден өтуіне онша сенімді емес.

6. Родина - жаңадан дүниеге келген партия.

Солшыл, ұлтшылдардан құрылған бұл топқа бұрынғы министр Сергей Глазиев пен Дұманың бұрынғы комитет жетекшісі Дмитрий Рогозин жетекшілік етеді.

Родина партиясының ішкі-сыртқы мүмкіндігі, әлеуеті алдағы күндерде белгілі болып қалар.
XS
SM
MD
LG