Accessibility links

Тұрақты кеңес жұмысы мәжілісін жалғастырды


Дүйсенбі күні Алматыда Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстар жасау жөніндегі Тұрақты кеңестің кезекті отырысы ұзақ үзілістен кейін қайта жалғасты. Бұл тұрақты кеңестің жетінші реткі басқосуы еді. Мәжілісті Қазақстан Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Мұхаметжанов жүргізді. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру туралы пысықталған ұсыныстарды қабылдауға қатысты күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жұмыс тобының жетекшісі Азат Перуашев сөйледі. Дауысқа салу қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің міндеттерін белгілеу мен бюджетаралық қатынастырды жетілдіру туралы ұсыныстар қабылданды.
  1. Күн тәртібіндегі мәселелер мынандай: Мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселесі. БАҚ туралы мәселе бойынша пысықталған ұсынысты қабылдау. Сот жүйесін жетілдіру және судьялар мәртебесі туралы мәселе. Келесі мәжілістің күн тәртібін бекіту және орынбасарын сайлау.
Жиналысқа қатысушылардың белсенді талқылаулары қазіргі таңда парламентте қарастырылып жатқан «БАҚ туралы» жаңа заң жобасы бойынша ұсыныстар қабылдауға ұласты.

Аталған мәселе бойынша жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары Анатолий Волков және Ақпарат министрі Сауытбек Абдрахманов сөйледі.

Ал судьялар одағының төрағасы Бекет Тұрғараев өз сөзін сот жүйесінің қызметін жетілдіруге және судьялар мәртебесіне арнады. Мәжіліс соңында күн тәртібі бекітілді.
XS
SM
MD
LG