Accessibility links

Әйелдерге арналған «Ажар» сыйлығы өз иесін таппақ


Желтоқсанның айының 8-і күні Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева ханым Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне әйелдердің қосқан үлесін бағалау, қоғамның әр саласындағы іскер, кәсіпкер әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеру мақсатында тағайындалған «Ажар» сыйлығын тапсыру рәсімі өтетінін хабарлады. Раушан Сәрсембаева ханымның айтуына қарағанда, аталған сыйлық өз иесін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында яғни 10-желтоқсан күні табатын болады. Қазақстан әйелдерінің іскерлік, кәсіпкерлік қабілеттері он түрлі:

- саясат және мемлекеттік басқару, - үкіметтік емес ұйымдар, - бұқаралық ақпарат , - экономика, - қаржы, - шағын және орта бизнес, - ғылым және білім беру, - медицина, - мәдениет , - өнер номинациялары бойынша сарапқа салынған.

Аталған сыйлықты лайықты деп табылған әйелдерге мемлекеттік қызмет істеп жүрген ер-азаматтар салатанатты түрде тапсыратын көрінеді.

Раушан Сәрсембаева ханым өз сөзінде қоғамның барлық салаларында әйелдерді қолдау және ынталандыру, олардың елдегі демократиялық ұмтылыстарын көрсету өте маңызды көрінеді. Осыған байланысты Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға, тәуелсіз әйелдер қозғалысын нығайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді Осындай мақсат негізінде 2003 жылдың 10 желтоқсанында Алматыда өтетін Қазақстанның іскер әйелдер форумын өткізуді көздеп отырмыз деді. Оның айтуына қарағанда, аталған форум негізінде екі үлкен шара өткізілмек.
XS
SM
MD
LG