Бүгін, 8-желтоқсанда жергілікті уақытпен 10 сағат 15 минутта Жамбыл облысында МИ-8 ұшағы апатқа ұшырады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
Апат салдарынан экипаж командирі Прокопов (оның аты мен жас мөлшері қазір анықталу үстінде) мерт болды. Ал түкұшақтың үш жолаушысы, атап айтсақ, "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның магистарльдық газ құбыры басқармасының қызметкерлері 25 жастағы М.Сүлейманқұлов, 35 жастағы Н.Беридзе, 30 жастағы М.Мусиновтар ауыр ахуалда жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының жедел қызмет бөлімінің алдын-ала жорамалдауынша, жеке меншік "Тянь-Шань" әуекомпаниясына қарасты тікұшақ электр жалғастыру желісімен деңгейлес орнатылған найзағайдан қорғау мақсатындағы тросқа соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған сыңайлы. Тікұшақ құлаған кезде жарылыс болмай, ол қирап қалған.
Апаттан зардап шеккендерге бірінші болып жергілікті тұрғындар көмекке келіпті. Жараланғандарды №5 компессорлық станцияға жеткізген де солар. Тараздан келген жедел жәрдем тобы оларды осы жерден алған.
Төтенше оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы мен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі инспекциясының мамандарынан құрылған арнайы комиссия құрылды.
Жамбыл облысында тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан экипаж командирі мерт болып, үш жолаушы жараланды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"