ВАШИНГТОН: АҚШ Теһранды, Вашингтонның топшылауынша, Иран территориясында бас сауғалап жүрген “Әл-Қаида” жасақтарын беруге шақырды. Мемлекеттік департаменттің өкілі Ричард Баучер мәлімдегендей, Иран терроризмге қатыс бар деген күдіктілерді тергеу мен соттау үшін АҚШ-қа немесе олардың туған елдеріне беруге міндетті.