Accessibility links

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Пәкістандағы ресми сапары жалғасып жатыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Пәкістан Ислам Республикасындағы ресми сапары желтоқсанның 8- күні басталған болатын. Сапар бағдарламасына сәйкес ең әуелі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Пәкістан президенті Первез Мушарафф екеуінің бетпе-бет, тар шеңбер жағдайындағы кездесуі болып өтті. Бұдан соң екі жақтың кеңейтілген құрамдағы кездесуі қайта жалғасып екі жақ өкілдері Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда экономикалық қатынастарды тереңдету және кеңейту жөніндегі мәселелерді кең ауқымда талқылады.

Бұл туралы Радиомызға Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау орталығының 3-хатшысы Талғат Жұмағұлов хабарлады. Оның хабарлауынша желтоқсанның 8 і күні кешкісін президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Пәкістан президенті Первез Мушарафф екеуі бетпе-бет, тар шеңбер жағдайында жеке кездескен содан кейін екі жақтың делегация мүшелері тұгел қатысқан кеңейтілген жағдайда қайта кездесті. Бұл кездесулерде екі жақ Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым қатынас, байланыс мәселелерін сондай ақ Азия құрылығындағы бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Одан соң Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Пәкістан президенті Первез Мушарафф екеуі баспасөз мәслихатын өткізді.

Кешінде Пәкістан президенті Қазақстандық құрметті қонаққа арнап ас берді. Желтоқсанның 9-ы күні Исламабадта өткен “Қазақстан-сіздің сауда және инвестициялық” атты бизнес форумда Қазақстан президенті сөз сөйледі. Осы бизнес форумға қатысу үшін Қазақстан президентімен бірге 20 шақты қазақстандық кәсіпкерлер еріп келіпті. Одан соң Нұрсұлтан Назарбаев осы қаладағы ең үлкен мешіт Файсал мешітіне бас сұғып,тағзым етіп шықты. Ал кешкісін ол Пәкістандағы қысқа түрдегі ресми сапарын аяқтап Қазақстанға қайтып оралды.
XS
SM
MD
LG