Accessibility links

Бүгін желтоқсанның 9-ында таңертеңгі сағат сегіз жарым шамасында қалалық мемлекеттік өртке қарсы қызмет инспекциясына «Артем»ЖШС-інің темір бетон бұйымдары комбинатында өрт шыққандығы туралы қоңырау шалынды.


Шұғыл жолға шыққан 4-ші бөлімшенің сегіз арнайы өрт сөндіру мәшинесімен жеткен 21 адамнан тұратын топ тілсіз жауды бір сағатта ауыздықтады. Соның арқасында кәсіпорынға аса көп материалдық шығын келтірілген жоқ. Жұмысшылар да дін аман. 50 метрлік транспортерлік лента ғана жарамсыз болып қалды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат, қалалық мемлекеттік өртке қарсы қызмет инспекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астанада соңғы аптада 8 өрт оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан екі адам қаза тапты. Бір адам күйік жарақатын алып, ауруханаға түсті. Қаза тапқан екеу құрылысшыларға арналған вагонда тұрып жатқандар болып шықты. Өрт ақаулы электр жылытқышты пайдаланудан шыққан. Сондай-ақ, осы аптада Шұбар шағын ауданында екі қабатты коттедж бен жекеменшік монша өртенді. Қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі инпекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордасында тіркелген өрттің барлығы дерлік электр жылытқышын дұрыс пайдаланбаудан орын алған.
XS
SM
MD
LG