Accessibility links

Жастар саясаты туралы әңгіме


Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясының ғимаратында өткен халықаралық конференцияда да жастар саясаты туралы әңгіме қозғалды.

Бүгінгі таңда жиі-жиі сөз болып жүрген мәселелердің бірі – жастар саясаты. Соңғы жылдары жастар саясаты туралы әр түрлі пікірталас өткізу мен мәдени шаралардың ұйымдастырылып жүргені белгілі.

Желтоқсанның оныншы жұлдызында Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясының ғимаратында өткен халықаралық конференцияда да жастар саясаты туралы әңгіме қозғалды.

Аманжол Қасабеков, профессор. - Алда қойған мақсат үлкен. Мемлекетіміз жас. Ол мемлекет біздің жастардың мемлекеті. Осы мемлекеттің құрылу барысында оның алдында қандай күрделі проблемалар тұр. Жастардың осы жас мемлекетті ары қарай дамытуда қандай атқаратын ролі бар, және осы атқаратын жолда қандай қиындықтар бар. Ол қиындықтарға мына біздің аға буын өкілдері қаншалықты көмек жасай алады. Сіздер де мемлекетіміздің аяғынан тік тұруы үшін, шығармашылық ізденіс арқылы қандай көмек жасай аласыздар. Жастар саясатын дамыту үшін осы мәселелердің бәрі де өзекті.

Мұхамбетқалиева Талжібек, студент. - Менің ойымша жастар саясаты жоғарыда отырған көптеген саясаткерлердің ойыншығына айналып отыр. Өйткені мысалы көптеген саяси партиялар жастарға арнап ұйымдар ашып жатыр. Бірақ ол ұйымдар жастарға ұлттық тәрбие беру мақсатында жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймын Бөлебиева Айгүл, студент. - Грант пен несие арқылы оқитын студенттер үшін көптеген қиыншылықтар туындап отыр. Олар жоғары оқу орнын бітіргенімен, жұмысқа орналасу мәселесі үлкен қиыншылықтар туғызады. Осы тұрғыдан келгенде үкіметтің жастарды оқытуға бөлген ақшасы заяға кетіп жатыр десе де болады. Өйткені грантпен оқуға түсіп, жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған жастар жұмысқа тұра алмағандықтан, олар қоғамға да пайдасын тигізе алмайды. Сол себептен де грант пен несие арқылы оқыту жүйесін дұрыс жолға қою қажет.
XS
SM
MD
LG