Accessibility links

Еуропа одағының жаңа Ата заң жобасындағы дауыс беруге қатысты сауалдар одан әрі талқылануда.


Еуропа одағының жаңа Ата заң жобасындағы дауыс беруге қатысты сауалдар одан әрі талқылануда. Бұл одаққа мүше елдердің барлығының бірдей дауыс хұқына ие болуы талап етілуде.

Еуропа одағы келер жылдың мамыр айында өз қатарына жаңа мүше елдер қабылдап, одан әрі кеңеймекші. Осындай маңызды өзгерістерге орай одақ Ата заңына да жаңа өзгерістер енгізілетін болады. Желтоқсанның 8-і күні арнайы отырыс барысында Сыртқы істер министрлері маңызды сауалдарды қарастырған болатын. Еуропа одағына төрағалық етуші Италия елінің Сыртқы істер министрі Франко Фраттини болса, қаралған 92 мәселенің 91-інің сәтімен шешімін тапқандығы жөнінде айтып отыр. Ол 92-ші сауал дауыс беру хұқына байланысты бап болатын. Дауыс беруге байланысты жаңа ұсыныстар 2000-шы жылы Ницада қабылданған келісімде көрініс берген. 2005-ші жылдың қаңтар айында күшіне енетін бұл келісім бойынша ресми Мадрид пен Варшава Еуропа одағындағы Германия, Франция сияқты негізгі шешімді қабылдайтын елдермен дауыс беру мәселесінде тең хұқыққа ие болмақшы. Алайда Испания мен Польша тұрғындары санының Германия халқы санының жартысындай екендігі белгілі. Не Испания, не Польшаның атын жеке атамастан Фраттини мырза, дауыс беруде тең хұқыққа ие боламыз деп бірбеткейлікпен табан тіреу әрекеттерінің түптің-түбінде Еуропа одағын Ата заңсыз қалдыруы мүмкін екендігін ескертіп өтті. Оның айтуынша, одаққа мүше көптеген елдер жобада көрсетілгеніндей, саны, салмағы басым елдердің екі есе дауысқа ие болу мүмкіндігі туралы ұсынысты қолдайтындықтарын білдірген екен. Бұл шешімнің қабылдануына қол жеткізу үшін одаққа мүше елдердің 50 пайыздық дауысына ие болу шарт.

“Жобасы ұсынылып отырған Ата заңның қабылдануына қарсылық болып жатса, онда мен оған балама жоба жоқ дер едім. Ата заң жақсы болса да, тіпті ол болмай қалған күнде де, Италия төрағалығы үшін шешім айқын. Яғни, сауалдарды шешуде дәрменсіз болатын Ата заңды қабылдау біз үшін мақсат емес”, - деді Фраттини мырза.

Польша, Испания сияқты елдермен салыстырғанда халқының саны екі еседей көп Германия мен Францияның дауыс беруде екі есе хұқыққа ие болу мүмкіндігінен кері шегінгісі жоқ. Сондай-ақ Германия канцлері Герхард Шрөдер Еуропа одағының дамушы көмек қорларына негізінен Германияның үлес қосып келе жатқандығына да мегзеп өтті. Ал, ондай көмекті алушы елдердің бірі- осы Испания мен Польша,-дейді Азаттық радиосы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Ахто Лобйакас. Мұндай таласты жағдайда, дауыс беру жөніндегі реформаны 2009-шы жылға дейін шегеріп қою жөнінде Британия ұсыныс жасаған болатын. Ондай ұсынысты, әрине Германия мен Франция қабылдамай отыр. Фраттини мырза да осы қос елдің бағытын ұстануда. Шрөдер мен Польша елбасы Александр Квасневский аталған сауалды талқылау үшін бейсенбі күні кездеспекші. Көптеген ел өкілдерінің пікірінше, жаңа мемлекеттер одаққа мүшелікке еніп жатқан тұста олардың жеке комиссионерлерінің болғаны жөн. Осы арқылы олар мұндай жаңа үдірсітің күрделі тұстарына тез үйренетін болады-, дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG